• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Айбын Бүгін, 10:14

Шекарашылармен өткен бір күн

20 рет
көрсетілді

Қалалар мен өңірлерде ашылған әскери-патриоттық клубтардың еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеу ісіне қосар үлесі зор. Бұл – Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы. «Айбын» халықаралық жиыны, Шекара қызметінің қамқорлығындағы «Жас шекарашы» сияқты мамандандырылған сыныптар мен клубтар осының айқын айғағы. ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданындағы шекара басқармасында өткен «Ашық есік күніне» Алматы қаласындағы осындай клубтардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараны аталған шекара басқармасы мен шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

Айқара ашылған қақпадан енген оқушыларды мұнда Шекара қызметінің қолданысындағы түрлі техникалар мен қару-жарақтар, байланыс құралдары мен азық-түліктер қойылған көрмелер күтіп тұрған. Айта кетерлігі, шекара басқармасының орталық алаңында сап түзеген кадеттер өздерінің жаңа әскери формаларымен дараланды. Әсіресе, жасыл күнқағарлы қыздар мен ұлдар бірден көзге түсті.

Сонымен қатар, бүгінгі жиынға «Боран» арнайы мақсаттағы басқармасы, Қызметтік кинология және «Техниканы, қару-жарақтарды жөндеу», «Алматы» шекаралық бақылау басқармалары да атсалысқан. «Боран» басқармасы өздерінің оқ өтпейтін бронды ұрыс машиналарын көпшіліктің назарына ұсынса, «Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу» басқармасы да өздері шығаратын жиһаздарды, инженерлік сымдар мен құрылғылармен ерекшеленген. Ал кинологтар қызметтік иттердің жұмысын таныстырып, оларды жаттықтыру ерекшеліктерін көрсетті.

Сондай-ақ шараға Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев, Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Е.Түлкібаев, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы запастағы генерал-майор М.Сабидолданов бастаған аға буын шекарашылар қатысып, көрмелермен танысты.

Жас шекарашылардың жаңа белесі

Лайықты бағасын беру керек, көрмеге қойылған заманауи үлгідегі техникалар мен қару-жарақтар әсіресе балалардың қызығушылығын туғызды. Олар ел шебін күзетуге арналған әскери көліктер мен ұрыс машиналарына мініп көріп, қаруларды қолдарына ұстап көргенше алып-ұшқаны байқалды. Қолдарына шекарашылардың дүрбісін ұстап, сарбаздар асынатын автоматтан нысана көздеген мезетте өздерін нағыз әскери сезінген балалардың қуаныштарында шек болмады.

Іс-шара соңында балалар мен шекарашылар естелік суретке түсіп, өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті.

Тұлпармен түн қатқан шекарашылар

Бұл кездесу саптық дағдылары қалыптасып үлгерген, Алматы облысы бойынша департаменті жиі өткізетін түрлі шараларға қатысуды біртіндеп дәстүрге айналдырып келе жатқан «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері үшін тағылымды күн болды.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар