• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 08:25

«Shyraq AI» игілігі

20 рет
көрсетілді

«Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың: «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол – шамшырақ. Тек жаға білу керек», деген сөзі қашанда өзекті. Алайда қазір мектептегі мұғалімдердің алтын уақытын түрлі құжат пен жоспар, есеп-қисап жұтып қоятыны жасырын емес. Қағазбастылықты азайтуға бағытталған талпыныстар болғанымен, күрмеуі қатты бұл түйткіл әзірге шешілген жоқ. Дегенмен осы мәселенің түп-тамырын жоюды көздеген цифрлы жобалардан үміт күтеміз. Мәселен, «Shyraq AI» – жасанды интеллект арқылы мұғалімнің күнделікті жұмысын едәуір жеңілдететін платформа. Кейінгі екі жылдың ішінде 55 мың мұғалім осы жүйеге тіркеліп, қызығын көріп отыр.

Платформаны мектеп ұс­таз­да­рынан бөлек, колледж оқы­ту­шылары мен балабақша тәр­биешілері де қолдана­ды. Жобаның негізін қалау­шы – кәсіпкер Ела­ман Бауыржанұлы мен оның серік­тесі Мадияр Серікбайұлы. Плат­фор­ма командасында қазір 50-ге жуық қыз­мет­кер жұмыс істеп жа­тыр. Оның ішінде ІТ мамандары, әдіскер, кура­торлар бар. Жүйе қазақ, орыс, ағылшын, өзбек тілдерінде қызмет көрсетеді.

Ұстаздар қауымы күн­делікті сабақ өткізу үде­рісіне, семинар сабақ­тарына осы платформаны белсенді қолданады. ҚМЖ, ғылыми жоба, авторлық бағдарлама, әдісте­мелік құрал жазып алудан бөлек, көрне­кіліктер мен  ойындар генерациясы, кері байланыс, презентацияны жасау мүмкіндігі де қолжетімді.

«Қазір осы плат­фор­маға елі­міз­ден бөлек, Өзбекстан, Қырғыз­станнан сұраныстар түсіп жа­тыр. Мұғалімдерге сайттан шы­ғып жаңа дүние іздеудің қажеті жоқ. Барлығы Оқу-ағар­ту министрлігі талабы­на сай, бір жерде шоғыр­ланған. Оның да өз се­бе­бі бар. Біріншіден, мұғалімдердің қажетті­лігін толықтай платформа жаба алуына жұмыс істедік. Шетелден шыққан платформаларда ондай мүмкіндік әзірге жоқ. Екіншіден, қаржылық мәселе. Қазір мұғалімдер ашық сабақта жасанды интеллектіні қолданып жатыр. Бірақ оны ұстаздардың бәрі жасай алмайды. Сондықтан оны біреуге жасатып, сатып алады. Одан бөлек, ҚМЖ, көрнекіліктерге тағы шығынданады. Алаяқтың аузына жем болып қалатын ұстаздар да баршылық. Осылайша, мұғалімдердің қалтасы қағылады. Сол үшін де біздің плат­фор­маға мұғалімге керек­тінің бәрін жинақтадық. Мұндағы жасанды интеллект бар болғаны 1-5 минутта екі сағаттан бір аптаға дейінгі жазатын материалды да­йын­дап береді. Ішінде сөйлейтін жасанды интел­лект, ұлттық, топ­тық бағыттағы ойын­дар генерациясы да бар. Оқытушы тақырып пен сыныпты көрсетсе жеткілікті», дейді жоба жетекшісі Мадияр Серік­байұлы.

Платформаның пай­дасын оны күн сайын қолданып жүрген мұ­ғалімдер жақсы біледі. Себебі кез келген цифр­лы құралдың құны – жар­намасында емес, сабақ барысындағы нақ­ты нәтижесінде өлше­неді. Осы тұрғыдан алған­да, «Shyraq AI»-ды тәжі­рибе жүзінде сынап, тиім­ділігін көрген ұстаз­дардың пікірі маңызды.

 «Shyraq AI» платформасын өткен жылдың қазан айынан бастап қолданып келемін. Әуелде қысқамерзімді жоспарды дайындау үшін алғанмын. Одан кейін басқа да ресурстар қосылды. Қазір «Тап­қыр», «Ұшқыр», «Білгір» бөлімдері арқылы тапсырмалар құрастырып күнделікті сабағым­да пайдаланып жүрмін. ҚМЖ, БЖБ жұмысын едәуір жеңілдетті. Нә­ти­­жесін көрген соң бас­қа да мұғалімдер қызығушылық танытып, Shyraq AI-мен балалар шырағын жағып жүр», дейді Жетісу облысы, Достық орта мектебінің биология пәні мұғалімі Гүлмира Омарова.

«Shyraq AI»-дың басты артықшылығы тек материалды жылдам жасатумен шектелмейді. Жоба командасы ЖИ-ді дұрыс қолдануға бағыттайтын қолдау жүйесін де қатар ұсынған.

«Көпшілік мұғалім жасанды зердені қолдану барысында дұрыс тапсырма бере алмай немесе қалай қолдану керек­тігін білмей тығырық­қа тіреліп жатады. Сол себеп­ті де кураторлар қыз­меті қосылған. Таң­ғы 9-дан 23-00-ге дейін кураторларымыз тынбай еңбектеніп жүр. Көп платформада жасанды бот жауап береді, ал бізде кураторлар аудио, бейнежазба арқылы байланысқа шығып ұстаздарға кө­мек көрсетеді. Жалпы, Президент бастамасы­мен қазір жасанды зердені мектеп жұмы­сына кіріктіруге көп көңіл бөлініп жатыр. Мұғалімдер баяндама, педагогикалық идея­ларын да осы ЖИ төңіре­гінде жазып жатыр. Бұл бастамаға «Shyraq АІ» арқылы біз де өз үлесімізді қоса алдық деп ойлаймыз», дейді жоба жетекшісі Еламан Бауыржанұлы.

Соңғы жаңалықтар