• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Аустрияның Линц қала­сында дзюдодан өткен гран-при додасынан балуандарымыз 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.

Үш күнге созылған жарыста 62 елден 503 балуан бақ сынады. 60 кг салмақта күрескен Шерзод Давлатов іріктеу кезеңінде іркілмей тек жартылай финалда Украина балуаны Дильшот Халматовқа есе жіберді. Ал қола медаль үшін тағы бір отандасымыз Аман Бақытжанмен күресіп жеңіске жетті. 81 кг салмақ дәрежесінде белдескен Алмат Әділет алтын медаль еншіледі. Алмат іріктеу сайысында Молдова, Бразилия, Эстония елдерінің балуандарын ығыстырып, ширек финалда әзербайжандық Омар Ражаблиденді, жартылай финалда сербиялық Груичич Василиені еңсерді. Соңғы белдесуде әзербайжандық Галандарзаде Вусалды жықты. Өкінішке қарай қалған балуандарымыз жүлдеге қол жеткізген жоқ. Дзюдодан еліміздің жасөспірімдер құрамасы Анталия (Түркия) қаласында өткен Еуропа кубогінен олжамен оралды. Екі күндік құрлық сайысында жас таланттар 6 алтын, 3 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте топ жарды. 21 елден 550 балуан күрескен сайыста Бекарыс Құдайберген (50 кг), Баубек Ахмет (60 кг), Бекәлі Еркен (73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (52 кг), Інжу Жұмажан (57 кг) чемпион атанса, Расулхан Ғабит (60 кг), Еркеназ Сембек (57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) финалда сүрініп, күміс медаль еншіледі. Қола жүлде Әділжан Нұрбекен (50 кг), Ерік Үсенов (66 кг), Нұралы Мәулетхан (73 кг), Шыңғыс Қонысбек (90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Әдия Жұмахмет (40 кг), Зере Талғатқызына (48 кг) бұйырды. Спорттық гимнастикадан Милад Карими әлем кубогінде екі күміс медаль олжалады. Әзербайжанның Баку қаласында өткен сайыста Милад алдымен еркін бағдарламада екінші болды. Одан кейін кермедегі жаттығу тартысында қазылар жерлесіміздің өнерін күміске лайық (15.033 ұпай) деп бағалады. Тайбейлік Тан Цзя-Хун кермедегі жаттығу сайысында 15.366 ұпай алып, жеңімпаз атанса, колумбиялық Анхель Барахас 14.400 ұпаймен қола медаль еншіледі. Ат жаттығуында сынға түскен жерлестеріміз Нариман Құрбанов 5-орынға тұрақтаса, Зейнолла Ыдырысов 7-орынды місе тұтты. Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогінің кезеңінде Асылхан Асан ерлер арасындағы жекелей тартыста 99.84 ұпай жинап чемпион атанды. Әлем кубогі кезеңінің күміс медалін 99.45 ұпай алған украиналық Роман Бондарчук иеленсе, қола медаль канадалық Эллиот Примоға (93.76 ұпай) бұйырды. Шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтті. Жекелей сында жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных 6-орынға табан тіреді. Қыздардың ко­ман­далық сайысында Анастасия Го­рунова, Алиса Се­дова, Алена Сви­риденко, Вик­тория Рулева 7-орынды, ерлер құрамасы (Илья Мизерных, Даниил Калинкин, Артем Мешков, Давид Гааль) 6-орынды қанағат тұтты.
Соңғы жаңалықтар