Жол-көлік оқиғасы болған кезде уақытты созбай, сақтандыру төлемін тікелей рәсімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама тетігі кеңінен қолданылып келеді. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті автосақтандыру бойынша өтініш берудің осы жеңілдетілген тәртібі туралы тағы бір мәрте еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Еурохаттама – жол-көлік оқиғасына (ЖКО) қатысушыларға жол полициясы қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ, апат орнында сақтандыру ұйымына тікелей сақтандыру төлеміне өтініш жолдауға мүмкіндік беретін рәсім.
Бұл тетік уақытты үнемдеуге, артық қағазбастылықтан арылуға және дау-дамайды ушықтырмай шешуге бағытталған.
Еурохаттама шеңберінде сақтандыру жағдайын реттеу үшін мына талаптар орындалуға тиіс:
- оқиғаға тек екі көлік қатысады;- екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі бар;- залал сомасы 100 АЕК-тен аспайды;- қатысушылар арасында кінәлі тарапқа қатысты келіспеушілік жоқ;- ЖКО салдарынан ешкімнің өмірі мен денсаулығына зиян келмеген;- үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтірілмеген.
Осы талаптардың бәрі сақталған жағдайда ғана жеңілдетілген тәртіп қолданылады.
Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді
Өтінішті қалай рәсімдеуге болады? Нәтиже және тиімділікЕурохаттаманы ресімдеу үшін қатысушылардың екеуі де «Europrotocol», «DTP.kz» немесе «Halyk Kazakhstan» мобильді қосымшаларының бірін жүктеп алуы қажет. Сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының ресми интернет-ресурстары арқылы да өтініш беруге мүмкіндік бар.
Рәсімдеу тәртібі мынадай:
- қосымшада сәйкестендіруден өту;- декларацияларды толтыру;- апат орнын фото және бейнематериалдармен тіркеу;- өтінішті жүйе арқылы сақтандыру ұйымына жолдау.
Маңызды талап – сақтандырушы декларацияны қабылдағаны туралы хабарлама келгенге дейін оқиға орнынан кетпеу. Хабарлама алынған соң қатысушылар жолын жалғастыра алады. Бұл жағдайда жол полициясын шақыру және сотқа жүгіну талап етілмейді.
Жол-көлік оқиғасы 27 пайызға артқан
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еурохаттама іске қосылғалы бері жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге жуық 25 мыңға тарта сақтандыру оқиғасы жеңілдетілген тәртіппен рәсімделген.
Бұл тетік:
- сақтандыру төлемдерін алу мерзімін едәуір қысқартады;- жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады;- сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты төмендетеді;- жүргізушілердің уақытын үнемдейді.
Еурохаттама – цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадам.
Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы