• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 13:30

«Qyran» тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

10 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды.

Қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсетіп, пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынған.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

«Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты», делінген Астана қаласы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын мүліктерін қолдануға тыйым салынған.

Төрт күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне «кепіл» қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Алаяқтық тыйылмай тұр: Жеке кәсіпкер жазықсыз жаза арқалады

Соңғы жаңалықтар