Қазақстанда үндістандық «Десилмакс» дәрілік препаратының медициналық қолданысы мен айналымына ресми түрде тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген сараптама нәтижесінен кейін осындай шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
2026 жылғы 11 ақпанда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы арнайы бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес «Десилмакс» таблеткаларын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынады. Препарат ел аумағындағы барлық дәріханалардан кері қайтарылады.
Тыйым қабықпен қапталған, 100 мг дозадағы, 4 таблеткадан блистерге салынған, картон қораптағы өнімге қатысты. Өндіруші – үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы. Сериясы – BSE92301A, жарамдылық мерзімі – 2026 жылғы шілдеге дейін.
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді. Яғни препаратты медициналық мекемелерде қолдану мен дәріханаларда сату дереу тоқтатылды.
Препаратты айналымнан алу туралы шешім Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы жасаған қорытындыға негізделген.
Төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Мамандар бұл дәріні қабылдап жүрген азаматтарға баламалы әрі қауіпсіз ем түрін таңдау үшін дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертеді. Дәріхана иелері мен медициналық мекемелер бұйрық талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Ресми талаптарды бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды