• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Қысқы Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімін қайдан көруге болады?

10 рет
көрсетілді

Бүгін, 22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп жазады Egemen.kz. 

Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі. Іс-шара «Арена ди Верона» амфитеатрында өтеді.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада «Beauty in Action» («Сұлулық – қозғалыста») атты шоуымен аяқталады.

Жабылу салтанатына барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады – спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді.

Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы – Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың 10 түрі бойынша жарысқа қатысты.

Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 ойындарын бір алтын медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.

Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады

Соңғы жаңалықтар