Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада бағдарламасында отандастарымыз спорттың үш түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Төртжылдықтың басты бәсекесінде бүгін ел намысын қорғайтын спортшылар:
14:30-да фристайл-акробатика сынының іріктеу кезеңінде ерлер құрамасы бақ сынайды. Олардың қатарында Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бар.
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
20:30-да конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта Надежда Морозова мен Елизавета Голубаева жүлдеге таласады.
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
00:15-те әйелдер арасында шорт-трек жарысының ширек финалдық кезеңі басталады. 1500 қашықтықта Яна Хан мен Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.