• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 21:23

Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды

10 рет
көрсетілді

Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде курьерді жауапкершілікке тартуға қатысты таратылып жатқан ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Анықталғандай, курьер тапсырысты тапсыру кезінде өзін дөрекі ұстап, тапсырыс берушіні әдейі жанжалға итермелеген. Ол тапсырыс берушіні «менің қарным ашып тұр» деген сөзді айтуға мәжбүрлеген, әйтпесе тапсырысты бермейтінін айтып қорқытқан. Курьердің арандатушылық әрекеттері тараптар арасында сөзге келуге себеп болған. Өз кезегінде тапсырыс беруші жанжал барысында бейәдеп сөздер қолданған.Іс материалдарын қарау нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олардың әрқайсысына 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Жауапкершілікке тарту жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты жүзеге асырылды.Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге және бұрмаланған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады.

«Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін», деп ескертті қалалық прокуратура. 

Соңғы жаңалықтар