Министрлік мәліметінше, қазір «Отбасы банк» АҚ спортшылар үшін аталған залды пайдалану мерзімін 1 маусымға дейін ұзартқан. Бұл көркем гимнастшылардың оқу-жаттығу жұмысын тұрақты жалғастыруға мүмкіндік берген. Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес, 1 маусымнан бастап спортшылардың жыл соңына дейін «Сарыарқа» велотрегінің спорт залын жалға алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Өскеменде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті
Қала әкімдігінің ақпаратынша, Жангелдин көшесі, 9а мекенжайында орналасқан «Жеңіс» спорт кешенінде көркем гимнастика залына арналған арнайы қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында көлемі 14×14 метр, биіктігі 14 метр болатын екі тұғыр қарастырылған. Нысанды биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
«Туризм және спорт министрлігі үшін спортшылардың тұрақты дайындық жағдайын қамтамасыз ету – негізгі басымдықтардың бірі. Егер баламалы алаң анықталмаса, қолданыстағы залды одан әрі пайдалану мәселесі балалардың мүддесін ескере отырып, қайта қаралады. Бұл туралы қосымша ақпарат БАҚ арқылы хабарланады. Жағдай министрліктің бақылауында», делінген министрлік таратқан хабарламада.