2026 жыл табалдырықтан аттағалы бері түрлі турнирге қатысу арқылы ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды.
Олжаға кенелгендер қатарында Бибісара Асаубаева да бар. Ол әйелдер арасында жетінші орында тұр. Блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған қазақ қызы биыл 110 668 доллар (54,7 млн теңге) көлемінде сыйақы алған екен. Жақында Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қала-сында өткен шахмат фестиваліне қатысып, 14 таңдаулы ойыншы арасынан бесінші орынды иеленді.
Бұл тізімде Қытайдың қос ойыншысы – Цзюй Вэньцзюнь ($381 869) мен Тань Чжунъи ($315 529) көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыларға Анна Музычук (Украина, $166 653), Чжу Цзиньэр (Қытай, $152 604), Хампи Конеру (Үндістан, $152 449), Карисса Йип (АҚШ, $131 935), Вайшали Рамешбабу (Үндістан, $96 031), Александра Горячкина (Ресей, $92 271), Дивья Дешмукх (Үндістан, $87 335) сынды шахматшылар жайғасты.