• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:10

Баласағұннан жеткен құнды мұра

0 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Шу ауданы аумағында орналасқан көне Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы – түркі өркениетінің жарқын іздерін сақтаған тарихи мекен. Бұл жерден табылған археологиялық жәдігерлер ортағасырлық қала мәдениетінің, қолөнер мен сауданың жоғары деңгейде дамығанын айғақтайды.

Қалашық аумағы­нан анықталған Қарахан мемле­кеті кезеңіне жататын қыш құмыралар сол дәуірдің тұр­мыс-тіршілігі мен ше­берлік дәстүрін айқын көр­сетеді. Археолог, тарих ғы­лымдарының докторы У.Х.Шәлекенов жүргізген қазба жұмыстары кезінде та­былған бұл бұйымдар та­биғи саз балшықтан жасалып, арнайы пештерде күй­дірілген.

Қыш құмыралардың піші­­нінің шымырлығы мен қа­быр­ғасының беріктігі көне ше­берлердің ісіне деген жауап­кершілігі мен кәсіби дең­гейін аңғартады. Геомет­рия­лық және өсімдік тектес өрнектер бұйымдарға көр­кем­дік сипат беріп, оларды қара­пайым тұрмыстық ыдыстан нағыз қолөнер туындысына айнал­дырған. Мамандардың айтуынша, мұндай қыш бұйым­дар­дың көптеп табылуы Бала­са­ғұн қаласы тұрғындарының отырықшы өмір салтын ұста­­нып, өндіріс пен сауданы дамыт­­қа­нын дәлелдейді. Бұл жәдігерлер ­сол кезең­дегі экономикалық ­қуат пен мәдени өрлеудің нақты көрінісі саналады.Бүгінде ­музей қорында сақтаулы тұр­ған бұл құнды мұралар – өткен тарихтың шежіресі болып отыр.

 

Әлина ТҰРСЫН,

Шу аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкері

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар