• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 08:00

Ғалымның ғибратты ғұмыры

0 рет
көрсетілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада тіл білімі саласының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ жиында академик Шора Сарыбаевтың ғылыми еңбектері көпшілікке таныстырылды.

Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткер­лері, көрнекті ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Жиында Ұлттық академиялық кітапха­на басшысы Күміс Сейітова мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов құттықтау сөз сөйлесе, ака­демик Кәрімбек Құрманәлиев «Ака­демик Шора Сарыбаевтың 100 жыл­дығына орай атқарылған шара­лардың қорытындылары», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титутының директоры, профессор Анар Фазылжан «Шора Сарыбаев. Қазақ тілтанымының өзекті мәселелері» кітабы туралы, ал профессор Тыныштық Ермекова «Ғалым. Ғылым. Ғибрат» жинағы жайында ­баяндама жасады.

Сонымен қатар Тіл білімі институты дайындаған «Қазақ тілтанымының өзекті мәселелері» қос томдығы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен жарық көрген «Ғалым. Ғылым. Ғибрат» жинағы, көпшілік назарына ұсынылып, кітапхана қорына тапсырылды. Аталған кітаптарда ғалым­ның диалектология, лексикология, тіл тарихы, грамматика, терминология, емле, стилистика, т.б. салалардағы ғы­лыми мұрасы жүйеленген. Сондай-ақ жиын соңында ғалымның ұлы, «Шам-Шырақ» ғылым, білім мен өнер мирасын қолдау қорының өкілі Қайрат Шораұлы академиктің жеке кітапха­насында сақталған тіл біліміне арналған мыңға жуық сирек басылымды Ұлттық академиялық кітапхананың Шора Сарыбаев атындағы оқу залына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар