Сауран ауданы Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты зақым келген болатын. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Сондай-ақ арнайы техникалармен өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров екі жылдың көлемінде 15 көпір жөндеуден өткенін атап өтті. Қазіргі таңда ауданда өзекті болып отырған Көксарай мен Ескі Сауран көпірінде биыл құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Су тасқынының алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту бағытындағы жұмыстар да жүйелі жүргізіліп жатыр.
«1988 жылы пайдалануға берілген Ақтөбе су қоймасы өңірдегі маңызды гидротехникалық нысандардың бірі саналады. Сыйымдылығы 6,11 млн текше метрді құрайтын су қоймасы 880 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су айдынының аумағы – 1,30 шаршы шақырым, тереңдігі – 14 метр, ұзындығы – 1750 метр. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қашыртқының су тастау қабілеті секундына 60 текше метрді құрайды, ал бас су бөлгіш құрылымы арқылы секундына 2 текше метр су жіберіледі. Су қоймасындағы жағдай бақылауда», деді Мақсат Таңғатаров.
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Сондай-ақ аудан әкімі 2030 жылға дейінгі даму жоспары әзірленгенін айтып өтті. Бұл орайда аудан 3 бағыт, яғни ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласы бойынша дамиды.
Түркістан облысында жаңа екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын