• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 00:40

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

0 рет
көрсетілді

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған мал  сою пунткі іске қосылды. Жоба Алматы облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық станция және Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, ветеринария саласын дамыту – Мемлекет басшысы жүктеген бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар айтулы шараға қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев және ауыл тұрғындары қатысты.

«Мал сою пунктінің іске қосылуы – халық денсаулығын қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азық-түлік тұрақтылығын сақтау тұрғысынан маңызды қадам. Жаңа талапқа сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған пункттерде сойылып, содан кейін сауда орындарына шығарылуы тиіс. Жаңа нысан жануар иелері үшін де тиімді. Бұл – өнім сапасын арттыруға, заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді», деді Бақытнұр Бақытұлы.

Айта кетейік, облыс аумағында 40 мал сою объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мал сою пункті, 15 алаң және 3 ет өңдеу кәсіпорны бар.

Соңғы жаңалықтар