«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысында наурыз, сәуір айлары жауын-шашынды болып, ауа райы күрт жылынуы мүмкін. Осыған орай облыс әкімдігінде өткен кеңесте көктемгі тасқынның алдын алу және қауіпті аймақтардағы сақтық шараларын күшейту мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысын баяндаған облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Назарәлі Селімов бүгінге дейін 1 млрд теңгеге 50 арнайы техника сатып алынғанын, сондай-ақ 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылып, авкөлік жолдарының бойында 38 су өткізу құбыры орнатылғанын айтты. Сонымен қатар Құндызды, Обаған өзендерінің арнасы тереңдетіліп, 9 гидротехникалық нысан жөнделген. Қыс бойы елді мекендердің аумағынан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылған.
Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тиісті органдарға алдағы көктемде кейбір аудандарда орташа деңгейдегі су тасқыны болуы мүмкін ескертіп, дайындық жұмыстарын ширата түсуді тапсырды.
«Биыл біз күрделі жағдайға дайын болуымыз қажет. Алдағы су тасқынының деңгейі орташа деп бағаланғанымен, босаңсымау керек. Көктем мезгілі – әрқашан жоғары қауіп кезеңі. Осыған байланысты облыстың бүкіл аумағында жауын-шашын мөлшері мен қардың қалыңдығына қатысты тұрақты мониторинг пен ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуі қажет», деді облыс әкімі.
Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?
Аймақ басшысы қолда бар арнайы техникаларды су басу қаупі бар елді мекендердің маңайына шоғырландыруды тапсырды.
«Кез келген қауіпті жағдайға дайын болуымыз керек. Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, «Қазгидромет», «Қазсушаруашылығы» филиалдары 1 наурыздан бастап күн сайын мониторинг жүргізіп отырсын. Ресейдің көршілес өңірлерімен ақпарат алмасуды жандандыру қажет. Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандары Ұлытау облысының көршілес аудандарымен өзара іс-қимылды ширатсын. Ветеринария басқармасы 20 ақпаннан бастап ауыл шаруашылығы құрылымдары мен Торғай өңіріндегі қыстақтарды аралап шықсын», деді әкім.
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Қостанай облысы