• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:38

Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды

10 рет
көрсетілді

Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент өкілдері оқиға орнына жедел жеткен. Жалпы саны 27 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылған. Ғимараттың сыртқы қабырғасы және шатыры ішінара опырылып, зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құраған.

Алматыда болған жарылыстан медициналық мекемеге зақым келген

Үш адам жарақат алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Оралда көпқабатты үйде жарылыс болды

Ауыл әкімдігі әлеуметтік желілерде тұрғындарға хабарлама жасап, дүкендегі жарылысқа және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше көшеде су беру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды

Соңғы жаңалықтар