Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша ауа сапасын тексерді. Мамандар атмосфералық ауаның 47 520 сынамасын алып, 5 427 сынамада немесе 11,4% ауытқулар бар екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Зертханалық бақылау қаладағы көлік ең көп жүретін көшелерде жүргізілген. Онда 30 720 сынама зерттеліп, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы 5 367 сынамада артық екені белгілі болды.
Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200-ден астам жұмыс орны ашылды
Ал өнеркәсіп орындарында жақын аумақта 168 000 сынама зерттелген. Бұл сынамалардың 60-ында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы көп екені анықталған.
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты