• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:05

Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?

10 рет
көрсетілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жолаушының міндеті екенін ескертеді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, пойыз ішіндегі тәртіп пен жайлылық – баршаға ортақ жауапкершілік, деп жазады Egemen.kz.

Ең алдымен, пойызға міну үшін жарамды билет болуы шарт. Билетсіз жүруге жол берілмейді. Тексеру кезінде жол жүру құжаты болмаған жолаушы келесі станцияда түсірілуі мүмкін.

Сол сияқты балалардыңжеке басын куәландыратын немесе ата-анасымен туыстығын растайтын құжатсыз алып жүруге рұқсат жоқ. Құжаттар болмаған жағдайда баланы пойызға отырғызу мүмкін емес.

25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды

Компания жолаушыларға бір адамға белгіленген 35 келіден артық жүкті алдын ала төлем жасап, тиісті құжат рәсімделген жағдайда ғана тасымалдай алатынан еске салады. Ал ветеринариялық құжаттары жоқ жануарларды пойызбен алып жүруге қатаң тыйым салынады.

Пойыз ішінде шылым және электронды темекі шегуге болмайды. Сондай-ақ төтенше жағдай болмаса, стоп-кранды басуға рұқсат етілмейді. Мұндай әрекет қозғалыс кестесін бұзып қана қоймай, әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Есірткі, жарылғыш және өткір заттарды тасымалдауға мүлде жол берілмейді. Заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда жолаушы құқық қорғау органдарына тапсырылады. Бұдан бөлек, агрессия танытуға, жанжал шығаруға, өзге жолаушыларды қорлауға қатаң тыйым салынады. Тәртіп бұзған азаматтар жақын маңдағы станцияда түсірілуі ықтимал.

Пойыз қозғалысы кезінде вагоннан түсу – өмірге аса қауіпті әрекет. Түсу тек станцияларда және арнайы есіктер арқылы жүзеге асырылады. Вагон мүлкін бүлдіру, ішін ластау, вандализм көріністері де жауапкершілікке әкеледі.

Алкогольдік ішімдіктерді пойыз вагондарында тұтынуға болмайды. Бұл талап мейрамхана-вагондарға қатысты емес, онда ішімдік белгіленген тәртіпке сай ұсынылады. Шектеуді бұзу әкімшілік жазаға және пойыздан түсіруге негіз болуы мүмкін.

Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?

Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне жазып, вагон ішіндегі QR-кодты сканерлеп немесе 1433 тегін анықтама қызметіне қоңырау шала алады.

Аталған талаптар «Теміржол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес бекітілген. Компания жолаушыларды тәртіпті сақтауға шақыра отырып, қауіпсіз сапар мәдениетін қалыптастыруға үндейді.

Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді

Соңғы жаңалықтар