• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:00

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

30 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының Қандыағаш, Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған кешендер іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«SUNQAR» кешендері – патрульдік полиция қызметкерлерінсіз жұмыс істейді және ЖИ технологиялары негізінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын жоғары дәлдікпен анықтайды.

Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жүйе көлік құралдарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін және құқық бұзушылық түрлерін автоматты түрде танып, тіркелген деректерді бірден ЕРАП ақпараттық жүйесіне жібереді. Полиция департаменті нақтылағандай, жол қозғалысы ережелерінің 5.42-тармағына сәйкес «фото-бейнефиксация» жол белгісін орнату міндетті емес.

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Цифрлы бейнебақылау камералары Алға қаласының Абай, Ә. Жангелдин көшелері мен Вокзальный тұйық көшесі қиылысына, Қандыағаш қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойында, «Фосфорит» гараждар кооперативі жанында және А. Байтұрсынов, Т. Байқұнов көшелері қиылысында орнатылған.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Соңғы жаңалықтар