2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумның алдын ала бюджеті жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, шығындардың 75 пайызы учаскелік комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады.
«Қазіргі уақытта смета Қаржы министрлігінің талқылауы мен сараптамасында. Алдағы сағаттарда референдум шығындарының нақты көлемі белгілі болады деп ойлаймын. Алдын ала есеп бойынша референдум өткізуге 20,8 млрд теңге қажет. Айта кету керек, бұл қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан қаржы Үкіметтің резервінен бөлінеді», деді ол брифингте.
Айта кетейік, биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 416 759 азамат сайлаушылар тізіліміне енгізілді.
Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді