• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 20:29

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті

10 рет
көрсетілді

Еліміздегі өңдеу өнеркәсібі тұрақты даму қарқынын сақтап отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялаған деректерге сәйкес, 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 6,4% өскен, деп жазады Egemen.kz.

 Қай салалар озық шықты?

Министрлік мәліметінше, оң динамика бірқатар бағытта байқалды. Атап айтқанда, металлургия саласы 1,2% өссе, машина жасау өндірісі 12,9% артқан. Сондай-ақ химия өнеркәсібі 9,8%, құрылыс материалдарын өндіру 9,7%, ал резеңке мен пластмасса бұйымдарын шығару 7,6% ұлғайған.

Былтыр министрлік шамамен 1,5 трлн теңге көлеміндегі 190 өндірістік жобаны іске қосып, 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашты. Бұдан бөлек, 800-ден астам компания тіркелген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі жасақталды. Инвестициялық саясат аясында үш жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылып, ірі жобалар бойынша 13 келісімге қол қойылды.

Өңдеу өнеркәсібінің жол картасы әзірленді

Құрылыс саласында рекордтық көрсеткіш

Есепті кезеңде құрылыс саласы да оң нәтижелерге қол жеткізді. Тұрғын үй құрылысы жоспарланған деңгейден асып, жаңа рекорд орнатты. Жоспардағы 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз – 185 мыңнан астам баспана. Сонымен қатар саланың тұрақты дамуына негіз болатын жаңа Құрылыс кодексі қабылданды.

БАҚ: Қазақстан сирек кездесетін минералдарды өңдеуде үш жобаны іске қосуға дайындалуда

Геология мен жер қойнауын пайдалану: жаңа кезең

2025 жылы минералдық-шикізат базасын толықтыру, жер қойнауын тиімді игеру мақсатында Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданып, 17 жаңа кен орны мемлекеттік есепке алынды. Ал 2026 жылы жаңа буындағы 1:50 000 масштабтағы егжей-тегжейлі карталарды әзірлеу шеңберінде ел аумағының 100 мың шаршы шақырымы зерттелмек. Кейін бұл көрсеткіш жыл сайын қосымша 30 мың шаршы шақырымға ұлғайтылып отырады.

Мемлекет басшысы Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды

Соңғы жаңалықтар