Алматы қаласында сот бұрынғы жұбайын аңдып, мазасын алған ер адамға қатысты үкім шығарды. Бұл сталкинг үшін шығарылған алғашқы үкімдердің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот анықтағандай, отбасылық қарым-қатынас тоқтағаннан кейін ер адам бұрынғы әйелінің соңынан аңдып, оның жүріп-тұруын бақылаған және қорқыту сипатындағы хабарламалар жіберген. Бұған дейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, заңға қайшы әрекеттерін жалғастырған.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы жаза тағайындады. Сонымен қатар одан жәбірленушілерге өтемақы қорына міндетті төлем өндірілді.
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Еске салайық, сталкинг құрбаны болған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іске Мемлекет басшысы назар аударып, ІІМ мен Бас прокуратураға тікелей бақылау жасауды тапсырған еді.