• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:20

Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды

10 рет
көрсетілді

Павлодар облысы көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыруда маңызды стратегиялық рөлге ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір Қазақстанда өндірілген электр энергиясының 42%-ын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтудегі негізгі қадамдардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту. Жоба аясында станцияның қуаты 1 ГВт-тан 2,1 ГВт-қа дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек, «таза көмір» технологияларын пайдалану арқылы қуаты 2,64 ГВт болатын жаңа Екібастұз ГРЭС-3 станциясын салу және Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту жоспарланып отыр.

Екібастұз ГРЭС-2: қуаттылығы екі есе артады

Электр энергиясы өндірісінің артуы көмір өндіру көлемін де көбейтуді талап етеді. Бұл ретте елдегі көмір өндірісінің 38%-ын қамтамасыз ететін «Богатырь Көмір» ЖШС шешуші рөл атқарады. Теңгерімдік қоры 2,4 млрд тоннаны құрайтын компания өндірісті кезең-кезеңімен арттыруды көздейді: 2024 жылғы 42,7 млн тоннадан 2026 жылы 45,2 млн тоннаға дейін, ал 2032 жылға қарай жылына 56,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін 2026-2032 жылдарға арналған 360 млрд теңгелік инвестициялық бағдарлама әзірленген. Қаржының басым бөлігі күрделі құрылысқа, «Северный» қимасында жоғары тиімді циклдік-ағындық технологияны енгізуге және жаңа үйінділерді жарақтандыруға бағытталады. Сонымен қатар, тау-кен көлік техникасын жаңарту, қолданыстағы нысандарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар елдің энергетикалық сұранысын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Павлодар: энергетика қуаты артып келеді

Соңғы жаңалықтар