Астанада көпқабатты ғимараттардың терезелерін тазалауға дайындық кезінде альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алдын ала ақпаратқа сай, оқиға өнеркәсіптік альпинизм әдісімен терезелерді тазалау жұмыстарына дайындық кезінде орын алған. Ер адам тоғызыншы қабаттан құлаған.
Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті
«Қазіргі уақытта 28 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада.
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды