Құлсарыда мектеп ішінде балта ұстап жүгірген 10-сынып оқушысына қатысты сот шешімі шықты. Бұған дейін үйқамақта отырған балаға сабаққа қатысуға рұқсат берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аталған жағдайға байланысты министрдің тапсырмасымен өңірге елордадан арнайы комиссия келуі тиіс. Алайда жергілікті атқарушы органдар жасөспірімге қатысты буллинг дерегі әзірге расталмағанын мәлімдеді.
«Буллинг фактісі нақты дәлелденген жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру басқа сыныптың 4 оқушысына қатысты. Олар үзіліс кезінде жасөспіріммен сөйлесу үшін келген. Ол жерде нақты не болғанын тергеу анықтайды», деді Атырау облысы білім басқармасының басшысы Марат Абуов.
Әлеуметтік желідегі видео және құқықтық бағаОқиғадан кейін әлеуметтік желілерде мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушының бейнежазбасы тарады. Кадрлардан оның өзге бір оқушыны қуа жөнелгені, әлгі қашқан баланың сыныптардың біріне кіріп, есікті іштен жауып алғаны анық көрінеді.
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Полицияның мәліметінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін шабуыл жасап, кейін мектеп аумағынан шығып кеткен. Басқа оқушыларға зиян келтірмеген. Жасөспірім сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданған.
Оқушы сыныптасына балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Мектеп басшылығы және министр пікіріОқиғадан соң мектеп директоры қатаң сөгіс алып, өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл жайтқа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да назар аударып, жауапкершілікті тек мектеп директорына жүктеу дұрыс емес екенін айтты.
«Егер оқу жылының ортасында осындай жағдайлар туындаған сайын мектеп директорларын қызметтен босата берсек, бұл лауазымға келгісі келетін адам қалмауы мүмкін. Мұндай күрделі мәселелер үшін жауапкершілік бір ғана директорға артылмауы тиіс», деді министр.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз