• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 00:15

Қазақ спортшылары шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиаданың финалына шыға алмады

0 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

9 ақпанда қалыпты тұғырдан секіру бойынша іріктеу кезеңі өтті. Финалға үздік 30 спортшы жолдама алатын еді. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл кезеңнен өте алмады.

Данил Васильев 34-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 39-орынмен жарысты аяқтады. Осылайша, отандастарымыз финалға жолдама ала алмады.

Германия өкілі Филипп Раймунд іріктеу кезеңінің аралық көшбасшысы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшыларының конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта өнер көрсеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар