• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Кеше

Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр

10 рет
көрсетілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтағы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сындағы әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды. Ол бұл позицияға өткен аптада «Үлкен дулыға» санатындағы алғашқы турнир – Australian Open жарысында жеңіске жеткеннен кейін көтерілді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева рейтингте 70-орында тұр.

Әлемдік рейтингтің көшін әдеттегідей Беларусь теннисшісі Арина Соболенко бастап келеді, ал екінші орынды польшалық Ига Швёнтек иеленіп отыр.

Елена Рыбакина үздік спортшы атанды

Жұптық разрядта қазақстандықтар арасында үздік нәтиже Анна Данилинаға тиесілі. Ол 11-орыннан 10-сатыға көтерілді. Ал әлемдік жұптық рейтингтің бірінші орнында бельгиялық Элизе Мертенс қалып отыр.

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирден бас тартты

Соңғы жаңалықтар