Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шектеу енгізілген учаскелер:
Ұлытау облысы
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 756-788 шақырым, Жаңаарқа кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін;
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 216-424 шақырым, Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін.
Қарағанды облысы
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 788-906 шақырым, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін;
Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 592-750 шақырым, Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін.
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Жамбыл облысы
Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 2005-2152 шақырым, Қарағанды облысының шекарасынан Бурылбайтал ауылына дейін.
Қызылорда облысы
РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1474-1806 шақырым, Әйтеке би кентінен Қызылорда қаласына дейін;
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 12-216 шақырым, Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін.
Синоптиктер Қазақстанның тоғыз қаласында ауа ластанатынын ескертті
Жүргізушілерден жолға шығарда ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау сұралады.