• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Ақпан, 2026

Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?

30 рет
көрсетілді

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 2 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Батыс Қазақстан облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273–393 км аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы учаскесі); «Атырау – Орал» автожолының 371–492 км аралығы (Чапаево ауылы – Орал қаласы учаскесі).

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1522–1806 км аралығы (№99 станциядан Қызылорда қаласына дейін).

Жолдардың ашылу уақыты алдын ала 2026 жылғы 2 ақпан сағат 12:00 деп жоспарланып отыр.

«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?

Павлодар облысы

Көлік айрығының аралық құрылымының зақымдануына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында («Қалқаман» айрығы – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығар жолда учаскесі) көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауыр таулы жағдайларға байланысты 2024-2025 жылдардың қысқы кезеңінде Осинов асуында жүк көліктерінің тіркемемен және жартылай тіркемемен қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу 46–66 км аралығында (Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) қолданылады.

Соңғы жаңалықтар