Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында әлемдегі ең алып мұрал бар. «Guinness World Records» дерегінше, порт аумағындағы өндірістік нысандардың сыртына салынған бұл суреттің жалпы көлемі – 23 688,7 шаршы метр.
Рекорд 2018 жылы 20 қыркүйекте ресми тіркелген. Жобаны Инчхон қаласының өнеркәсіпті ілгерілету бөлімшесі, Инчхон порт әкімшілігі және серіктес ұйымдар бірлесіп жүзеге асырған. Бұл – кәдімгі галереяға ілінетін шағын картина емес, ғимараттың сыртқы қабырғасына салынатын алып сурет. Осылайша, Инчхондағы сұрқай көрінетін нысандар алыстан-ақ көз тартатын көркем кеңістікке айналған. Бұл рекорд бір жағынан өнердің музейде ғана емес, күнделікті өмірде де адамдарға қуаныш сыйлай алатынын дәлелдеді.