Қазақстан АҚШ-қа «Лукойлдың» елдегі жобалардағы үлесіне қатысты ресми өтініш жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер Қазақстандағы «Лукойл» активтері сатылатын болса, қолданыстағы заңнама аясында бізде осы үлесті басым құқықпен сатып алу мүмкіндігі бар. Осыған байланысты Энергетика министрлігі OFAC-қа тиісті өтініш жолдады», деді Е. Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, «Лукойл» 2025 жылғы қазанда АҚШ санкция енгізгеннен кейін шетелдегі активтерін сату туралы шешім қабылдаған.
«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін
OFAC – АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы.
Лондонның Ресейге санкциясы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?