Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұндай шешім әуе қауіпсіздігіне төнген қатердің күшеюіне байланысты қабылданған және арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады.
Үндістанға әуе рейстері қайта жанданады
«Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуе компанияларға Иран аумағының үстімен, сондай-ақ оның әуе кеңістігіне іргелес аймақтарда ұшуға тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр», делінген хабарламада.
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Ведомство мәліметінше, жағдай авиация әкімшілігінің тұрақты бақылауында тұр, қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданады.
Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады