• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2026

Australian Open-2026: Анна Данилина ширек финалға жолдама алды

22 рет
көрсетілді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Австралияның ашық чемпионатында (Australian Open) жанкүйерлерді кезекті жеңісімен қуантты. Отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетіп, ширек финалға қадам басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz мәліметінше, турнирдің 1/8 финалында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алаң иелері – Сторм Хантер мен Майя Джойнттан құралған австралиялық дуэтке қарсы ойнап, екі сәтте жеңіске жетті – 7:5, 7:6 (8:6). Айта кетерлігі, алғашқы партияда Данилина мен Крунич 2:5 есебімен ұтылып жатқанымен, жағдайды өзгертіп, камбэк жасады.

Кездесу 2 сағат 13 минутқа созылды. Сөйтіп, Қазақстан-Сербия жұбы ширек финалға жолдама алды. Бұл кезеңде олар чехиялық Катерина Синякова мен АҚШ өкілі Тейлор Таунсендтен құралған мықты жұппен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар