• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2026

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

40 рет
көрсетілді

Арал ауданында жүк көлігімен жолға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен адам аман-есен табылды. Оны іздеуге құтқарушылар және полиция қызметкерлері жұмылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол қаңтардың 18-і күні жүк көлігімен аудандағы Жіңішкеқұм елді мекенінен шыққан. Бірақ жолда күн райы күрт құбылып, жүргізуші жолдан жаңылып, адасып кеткен.

Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

Жедел іздестіруге кіріскен құтқарушылар мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адасқан тұрғынды далалық жерден тауыпты.

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Соңғы жаңалықтар