Алдын ала мәліметтер бойынша, Стенпногор қаласының 35 жастағы тұрғыны шахтаға заңсыз жолмен кіріп, сол жерде қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 1991 жылы туған азаматтың денесі шахтаның 610-шы горизонтынан табылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын және марқұмның шахтаға қалай кіргенін анықтап жатыр.
Шахтадағы апатты азайтудың амалы