• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2026

Бір жыл ішінде 123 елді мекен табиғи газбен қамтылды

20 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл ішінде 123 елді мекенге газ тартылып, 76 мың абонент табиғи газға қосылған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бағыттағы жұмыстарды «QazaqGaz» ұйымы өзінің еншілес компаниясы «QazaqGaz Aimaq» қатысуымен жүзеге асырған.

2025 жылдың басында газдандыру деңгейі – 62,4% болса, жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш – 64,2%-ға дейін өскен. Нәтижесінде 12,9 миллион тұрғын газбен қамтылып отыр.

Компания мәліметінше, ішкі газ тұтыну көлемі де өсіп келеді. Жыл қорытындысы бойынша ішкі нарыққа газ жеткізу көлемі 20,4 млрд м³-ке жетті.

Айта кетейік, Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды.

Шымкенттегі екі тұрғын үй алабы да газға қосылғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар