• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 19 Қаңтар, 2026

Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды

111 рет
көрсетілді

20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында алматылық «Қайрат» командасы Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы матч өткізеді. Қонақ команда Астанаға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz.

Клуб Instagram-дағы парақшасында «Сәлем, Астана!» деген жазба қалдырып, бірнеше контент жариялаған. Қос құрама арасындағы кездесу ертең сағат 20:30-да басталады. 

«Қайрат» үшін бұл матч Чемпиондар лигасы аясында өз аренасында өткізетін соңғы ойын болмақ. 

Аталған ойыннан кейін «Қайрат» азулы «Арсеналға» қарсы доп тебеді. Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. 

Айта кетейік, «Қайрат» – «Арсенал» матчына билет бағасы жарияланды.

Сондай-ақ «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты. 

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» сапынан израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар