1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Отаны ұйымдастыру және үйлестіру барысын арнайы республикалық орталық жүргізген.
Донор ағзалары бейінді медициналық ұйымдарға жедел жеткізіліп, жүрек, бауыр, бүйрек және мөлдір қабықты алмастыру отасы сәтті аяқталған.
Денсаулық сақтау министрлігі мәйіттік донордың туыстарына батылдығы мен басқа адамның өмірін сақтап қалуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп отыр.
Мәйіттік донорлықты дамытуға не кедергі
Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша елімізде донор ағзасын күту парағында – 4 506 ем алушы, оның ішінде 123 бала тіркелген. Олардың 90%-ы бүйрек алмастыру отасын қажет етеді.
Алматыда мәйіттік донордан алынған қасаң қабықтар екі науқастың көзіне салынды
Бұған дейін мәйіттік донордың ағзалары 6 адамның өмірін сақтап қалғанын хабарлағанбыз.