• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қаңтар, 2026

Талғар ауданында бір ай бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр

50 рет
көрсетілді

Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 1993 жылы туған Әсел Тахированың хабар-ошарсыз кеткеніне бір айдан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсел Тахирова өткен жылдың 2 желтоқсанда сағат 15:00-де Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан «Үлкен отбасы» мейірбикелік күтім үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

Еріктілердің мәліметінше, бойжеткен психикалық дертке шалдыққан, сондықтан айналасындағы адамдардың жәрдемінсіз үйін таба алмауы мүмкін.

Бойжеткеннің бойы: 160–165 см, шашы ұзын, қара.

Айырықша белгісі: Көзінде анық байқалатын қылилығы бар. Белінде иероглиф бейнеленген сурет, ал қолында кесілген жарақаттардың ізі қалған.

Киімі: Соңғы рет үстінде қара ұзын күрте, көк джинсы, басында қызыл шапка және аяғында жасыл етік болған.

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Соңғы жаңалықтар