Жетісу облысы Жаркент қаласында әйел өз баласын байлап қойып, қатыгездікпен ұрған. Әлеуметтік желіде таралған видео негізінде Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізіп, қатыгез ананы тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласын ұрып, дене жарақатын салғанын анықтадық. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция таратқан хабарламада.
Отбасындағы екі бүлдіршін «Мейірім» қамқорлық орталығына жіберілді. Балалар әзірге осы орталықта болады.
Құзырлы органдарға әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жолданған. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты