Бүгін елордадағы Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконнан өрт шықты. ТЖМ өрт сөндірушілері қызыл жалынды өшіруге талпынып жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруге шұғыл кіріскен. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?