• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қаңтар, 2026

Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

80 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сібір антициклонының әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында қатты аяз сақталады. Ал батыс пен оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклонның белсенділігі артып, соның салдарынан боран соғып, көктайғақ пен күшті жел тұрады. 17-18 қаңтар күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде қалың қар жаууы ықтимал. 

Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мегаполистердегі жағдай: Астана: 17-18 қаңтар күндері қалада жауын-шашын болмайды, бірақ түнде термометр бағаны -30...-32°С-қа дейін төмендейді. Жексенбі, 19 қаңтарда қар жауып, екпіні 20 м/с-қа жететін күшті жел мен боран басталады. Алматы: Демалыстың алғашқы күндері қала тұрғындарын қалың қар, тұман мен көктайғақ күтіп тұр. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -11...-15°С шамасында болады. Жексенбіде күн ашылып, күндіз -5...-7°С-қа дейін көтеріледі. Шымкент: 17 қаңтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жексенбіге қарай жауын тоқтағанымен, түнде аяз -10°С-қа дейін күш алуы мүмкін.

Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды?

Соңғы жаңалықтар