• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2026

Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті

30 рет
көрсетілді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко қытай тілін жетік меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 2026 жылдың 16 қаңтарында өткен мемлекеттік маңызы бар жиында Александр Лукашенко «Ұлы тас»  Қытай-Беларусь индустриялық паркі әкімшілігінің жаңа басшысын тағайындау кезінде күтпеген мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Қытаймен бірлескен ауқымды жобаны талқылау барысында ол тілдік кедергілерді жою мәселесіне тоқталып, Қазақстан Президентінің кәсібилігін мысалға келтірді. «Міне, бізде Қазақстан Президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген. Ол қытай тілін жетік біледі. Қазақстан Президенті – өте ақылды, парасатты адам. Ол да Құдай емес, бірақ үйренді ғой. Демек, үйренуге болады», деді Александр Лукашенко шенеуніктерге жігер бере отырып. Айта кетейік, осыған дейін Александр Лукашенко келесі президенттік мерзімге түспейтінін ресми түрде жариялаған болатын.

Лукашенко 22 сотталған азаматқа кешірім жасады

Соңғы жаңалықтар