• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қаңтар, 2026

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

30 рет
көрсетілді

Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

«2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада. 

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Тек елдің батысы мен шығысында қар аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ және тұман күтіледі.

Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілген еді. Сондай-ақ Қостанай облысында да бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді. 

Соңғы жаңалықтар