Әйгілі суретші Фрида Калоның автопортреті аукционда 54 миллион 600 мың долларға сатылды. Бәссауданы Нью-Йоркте «Сотбис» (Sotheby’s) аукцион үйі ұйымдастырған.
Картинада бұлттардың арасындағы төсекте қалғып жатқан бейне және оның үстінде адам қаңқасы суреттелген. Бұл туынды әйел суретшілер еңбектерінің ішінде ең қымбат сатылған жұмыс ретінде рекорд жаңартты. 1940 жылы салынған шығарма аукционға дейін 40–60 миллион доллар аралығында бағаланған.