Ирландия тұрғыны Бекки Гилмор скейтбордпен 2 800 шақырым жол жүріп өтті. Бұл туристік бағыттар ішіндегі ең ұзақ сапарлардың бірі саналады.
26 жастағы Бекки күн сайын 60 шақырымды еңсеріп отырған. Сапарын бес ай бұрын бастаған ол қазір мәреге жақындап, алда әлі 300 шақырым қалғанын айтады. «Бірнеше жыл бұрын жақын досым көз жұмды. Біз теңіз жағасында скейтборд тепкенді жақсы көретінбіз. Оның қазасы маған да ауыр тиді. Содан бері адамдардың өз-өзіне қол салуының алдын алу жөнінде жиі ойланамын. Ұқсас жағдайды бастан кешірген, жақынынан айырылған жандарға қолдау көрсеткім келеді», дейді Бекки Гилмор. Мұндай бастамалар тек спорттық жетістік емес, ең алдымен қоғамдағы үнсіз тақырыптарды қозғап, адам өмірінің құндылығын еске салуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.