• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер 10 Қаңтар, 2026

Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады

100 рет
көрсетілді

«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

– Қолданушының Жеке кабинетінде әскери есепте тұруы, қызмет өткеру кезеңдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге құқығы туралы деректер бар. Ал ең көп сұралатын дерек – әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтама, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшеді

Анықтамаларды алу үшін e-Gov порталындағы Жеке кабинетке кіріп, Әскери қызмет бөлімінде Жүктеу батырмасын басу керек.

Қазақстанда төлқұжат онлайн форматта берілуі мүмкін

Алдағы уақытта бұл деректер m-Gov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде де қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық:

• Оқу орындарына түсу;• Әскер қатарына шақырылу;• Құқық қорғау немесе арнайы органдарға қызметке орналасу кезінде құжаттарды жинау үдерісін жеделдетеді.

Айта кетейік, енді әдемі нөмірді кезекке тұрмай, онлайн алуға болады.

Соңғы жаңалықтар