Бұл – медициналық көмек алу үдерісін мейлінше ашық етеді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған ваучерлер беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кабинетте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында ел тұрғындары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде кепілдендірілген дәрі-дәрмек пакетін ала алады. Биыл бұл сервис жеке дәріханаларда қосымша төлем механизмі арқылы қолжетімді болады.
Сонымен қатар, отандастарымызға медициналық қызметтерге ваучерлер беріле бастайды.
«Дәрі-дәрмекті беру жүйесіне қосымша медициналық қызметтерге ваучер алу мүмкіндігі қарастырылып отыр, бұл медициналық көмек алу процесін азаматтар үшін одан әрі ашық әрі ыңғайлы етеді», делінген хабарламада.
Саланы цифрландыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі мақсат – ел тұрғындарына нақты тиімділік көрсету және дәрігерлердің жүктемесін азайту.
Сонымен қатар, биыл «Әлеуметтік әмиян» жобасы мемлекеттік қолдау шараларының тағы 10 түріне кеңейтілетіні белгілі болды.