• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2026

Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады

10 рет
көрсетілді

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын Яндекс Go қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек браузердегі картада сілтеме арқылы ғана қолжетімді болған, деп жазады Egemen.kz.

Жедел жәрдемге шақырту түскен кезде жүйе автоматты түрде Яндекс Go қосымшасынан push-хабарлама жібереді. Ал медицина мамандары қай жерде келе жатқанын, қанша уақыттан кейін келетінін көрсетеді.

Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновтың айтуынша, бұл ақпаратты туысыңызға тікелей қосымшадан жіберуге болады. Егер қосымша орнатылмаған болса, өтініш берушінің телефонына картаға кіретін сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Картаны браузерден ашқан кезде, пайдаланушы жедел жәрдемнің қозғалысын нақты уақыт режимінде көре алады.

Жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бейнетіркегішпен қамтылады

Айта кетейік, бұл бастама Ақтөбе әкімдігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп іске асырылған. Алғашқы кезеңде мүмкіндік Ақтөбедегі тек белгілі бір шақыртуларға ғана қолжетімді. Алдағы уақытта оны қала бойынша барлық шақыртуға енгізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, былтыр жедел жәрдем қызметі 7,4 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ Үкіметте жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі пысықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар